Астанада жергілікті әскери басқару органдарының құрылған күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Оған ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы, жергілікті басқару органдарының өкілдері, әскери қызметшілер, ҚР Қарулы Күштерінің арадегерлері, ЕҰУ әскери кафедрасының студенттері қатысты. Бұл күн еліміз үшін 1991 жылдан бастап, әскери комиссариатқа Республикалық орган мәртебесін беру және оған республиканың барлық әскери комиссариаттарын бағындыру туралы Қазақ КСР Президентінің Жарлығы күшіне енген кезден бастап атаулы дата болып табылады.
Қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтаған ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықов жергілікті әскери басқару органдарының ұйымдық-штаттық құрылымын жетілдіру жалғасып жатқанын атап өтіп, елдің қорғаныс қабілетін нығайту ісіне қосқан үлесі үшін барша қызметкерлерге алғысын білдірді.– Алдағы уақытта да жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы жүктелген міндеттерді адал әрі тиімді орындайтынына сенімдімін, – деп атап өтті ол өз сөзінде.
Кәсіби мерекеге орай Астанада өткен салтанатты жиналыста Қорғаныс министрлігінің басшылығы әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдары ардагерлерінің көп жылдық елеулі еңбегіне де жоғары берді.
Мерекелік шара барысында Еуразиялық Ұлттық университеті әскери кафедраның басшысы генерал-майор Еділ Оразов ҚР Қорғаныс министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ» КеАҚ әскери кафедрасының окытушысы
Турсумбаева Д.Х., педагогика және психология магистрі, отставкадағы майор