МЕДИЦИНАЛЫҚ КУӘЛАНДЫРУДАН ӨТЕТІН СТУДЕНТТЕР ҮШІН

МЕДИЦИНАЛЫҚ КУӘЛАНДЫРУДАН ӨТЕТІН СТУДЕНТТЕР ҮШІН

(конкурстық іріктеудің бірінші кезеңі)

Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары-ҚР ҚК Бас штабы бастығының нұсқауларына сәйкес әскери кафедраға түсу үшін дайындық және іріктеу іс-шараларының мерзімдері мен тәртібі айқындалған:

— медициналық куәландырудан өту — 2020 жылғы 10 қазанға дейін (конкурстық іріктеудің бірінші кезеңі);

— кандидаттардан құжаттарды жинау және қабылдау — 2020 жылдың 10 қазанына дейін.

КӘСІБИ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУГЕ

 

ҚАТЫСАТЫН СТУДЕНТТЕР ҮШІН

 

(конкурстық іріктеудің екінші кезеңі)

1. Қорғаныс министрлігінің іріктеу комиссиясы өткізетін кәсіби – психологиялық тестілеуге (бұдан әрі — психологиялық тестілеу) медициналық куәландыру нәтижелері бойынша әскери кафедраға түсуге жарамды деп танылған студенттер қатыса алады.

Психологиялық тестілеуді тапсыру 2020 жылғы 12-17 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы, Қажымұқан көшесі, 11, мекен-жайы бойынша орналасқан ЕҰУ оқу-зертханалық корпусының компьютерлік сыныптарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.

Психологиялық тестілеудің мерзімі мен кестесі ЕҰУ сайтында жарияланады.

Қорғаныс министрлігінің іріктеу комиссиясының жұмысы 2020 жылдың 21 қазанына дейін ұйымдастырылады. 

2. 2020 жылғы 12-17 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласына келуге мүмкіндігі жоқ студенттер қашықтықтан психологиялық тестілеу тапсыруға рұқсат алу үшін өтініш (үлгі қоса беріледі) беруі тиіс.

Өтінішті 2020 жылғы 7 қазанға дейінгі мерзімде мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: vkenuotbor_2100@mail.ru.

Өтініш алдын-ала жазуды қалыптастыру және ЕҰУ электрондық ресурстарына қосылуды реттеу үшін қажет. 

3. Қашықтықтан тапсыру үшін студенттерге психологиялық тестілеуден өту кезінде қажет құралдар:

— жеткілікті өткізу қабілеті бар сапалы интернет байланысы;

— қашықтықтан компьютерге/ноутбукке кіру үшін «AnyDesk» бағдарламасы орнатылуы тиіс (жүктеп алу керек:https://anydesk.com/ru/downloads);

— WhatsApp арқылы бейне қоңырау шалуға мүмкіндік беретін смартфон немесе басқа гаджет (үздіксіз бақылау және бейне жазу үшін). 

Байланыс телефоны: 8 700 730 6591 

 

Әскери кафедра әкімшілігі


ENU.KZ — null