Кафедра туралы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қарашадағы №1403 Қаулысын іске асыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 19/6 ақпандағы №57/73 бұйрығымен құрылды.

Әскери кафедра өз жұмыстарында Қазақстан Республикасы Заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы №449 Қаулысын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі мен ҚР Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 1/7 наурыздағы №46/202 бұйрығын, жалпыәскерлік жарғыларды, Қорғаныс министрі бұйрықтарын және директиваларын, ЕҰУ жарғыларын, университет ректорының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы №15/5-ж бұйрығымен бекітілген Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әскери кафедрасының ережелерін, сапа бойынша нұсқауларды басшылыққа алып жұмыс істейді.

Әскери кафедра университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әскери кафедрасының ұйымдастыру құрылымдық басқармасы.Құрылымы.

Университет студенттерінің әскери дайындықтары екі әскери – мамандық бойынша жүргізіледі:

  1. «Мотоатқыштар бөлімдерін, бөлімшелері мен құрамаларды БМП-да ұрыста қолдану»;
  2. «Мотоатқыштар бөлімшелеріндегі тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру».

Әскери кафедраның мамандықтары бойынша студенттердің әскери дайындықтары моральдық жағынан тұрақты, тәртіпке бағынатын, мемлекеттік және әскери құпияларды сақтай алатын, жоғары адамгершілік қасиетке ие, сондай-ақ өз қызметінде қызметтік міндеттерін сәтті орындау үшін қажетті болып табылатын қажетті біліммен, ақылмен және дағдымен қаруланған ҚР ҚК үшін запастағы офицерлерді дайындауға бағытталған.

Студенттерге оқу сабақтарын қызметтегі және запастағы офицерлер арасынан жоғары санаттағы профессор- оқытушылар құрамы жүргізеді.

Студенттерге оқу сабақтарын жүргізу үшін әскери кафедрада әскери дайындықтың барлық пәндері бойынша жабдықталған кабинеттер жұмыс істейді: компьютер сыныбы, интерактивтік жабдықтар, лингофон кабинеттері, тактикалық алаң, саптық плац, ату қалашығы, жаппай қырып жою қаруынан қорғану қалашығы, парк (3 бірлік БМП-ге арналған жабдықталған гараж), тактиалық жағдай мен нысаналарды жалпы әскерлік кіші жинақ пен компьютерлік жүйе арқылы басқарып, көрсету сыныбы, лазерлік ату кешені, жеткілікті мөлшерде ату қарулары мен әскери техника бар.

Жастарға патриоттық тәрбие берудің маңызы – мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде жас жеткіншектерді әскери қызметке дайындауды қалыптастыру әскери кафедраның негізгі бағыты болып табылады.

Әскери – патриоттық тәрбие әрбір азаматтың тәуелсіз Қазақстандағы рөлі мен орнын айқындауға және оған қызмет етуге, алдағы әскери қызметтің талаптарын орындаудағы өте жоғары жауапкершілікті сезінуге, әскери парызды өтеу үшін қажетті болып табылатын қасиеттер мен дағдыларды меңгеруге бағытталған.

Әскери кафедраның базасында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің әскери-патриоттық тәрбие орталығы құрылған. Жыл сайын Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, интернационалист- жауынгерлермен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагер – жауынгерлерімен кездесу болып тұрады.

Жыл сайын Жеңіс күнінде әскери кафедраның плацында сарбаздың дала асханасы жұмыс істейді, студенттер тарапынан жауынгерлік тақырыптардағы әндер орындалады, аға ұрпақтың майдандағы ерліктері мен жанкешті қаһармандығын дәріптейтін жауынгерлік парақшалар ілінеді.

 

Әскери кафедраның студенттері қалада өткізілетін әртүрлі әскери патриоттық іс- шараларға ұдайы қатысып отырады.

Астана қаласындаы №4 мектеп-гимназиясы және №51 мектеппен тығыз қарам-қатынас орнатылған.

Студенттерді әскери кафедраға қабылдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бекіткен мемлекеттік тапсырыс аясында конкурстық негізде жүргізіледі.