Қабылдау ережесі

Әскери дайындыққа Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, жас мөлшері 27 жасқа дейінгі, денсаулығы бойынша әскери қызметке жарамды студенттер тартылады.

Әскери дайындық жүргізу үшін студенттерді іріктеу – ЖОО ректорының атына жазылған олардың жеке өтініштері негізінде іріктеу комиссиясы тарапынан жүргізіледі.

Студенттерді іріктеу барысында есепке алынады:

әскери басқарудың жергілікті органдары шақыру комиссиясының медициналық куәландыру нәтижелері бойынша;

оқу орнындағы емтихандарды тапсыру нәтижелері бойынша анықталатын студенттің оқу үлгерімінің орташа ұпайы негізінде;

ЖОО студенттері үшін белгіленген дене дайындығы бойынша нормативтердің орындалу нәтижелеріне қарай.

Бұл көрсеткіштер оқытудың бірінші семестрінің аяғында жүргізілетін отырыста қаралады. Оның құрамына мынадай өкілдер енеді:

  • Қорғаныс министрлігінен- төраға;
  • жоғары оқу орны бағынатын министрліктерден- тең төраға, комиссияға мүшелер.

Іріктеу комиссиясының дербес құрамы Қорғаныс министрі бұйрығымен анықталады.

Әскери дайындық өткізу үшін студенттерді қабылдау ЖОО ректоры тарапынан әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша іріктеу комиссиясы хаттамасы негізінде іске асырылады.

Студенттердің әскери қызметке жарамдылығы олардың әскери дайындықтары алдында, қорғаныс істері бойынша басқарманың әскери – дәрігерлік комиссиясы тарапынан медициналық куәландыруы нәтижелеріне қарай, сондай-ақ оқу жиындарының алдында азаматтарды әскери қызметке тартуды жүргізумен бірге анықталады.