2020 жылғы 12-21 қазан аралығында іріктеу комиссиясы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әскери кафедрасына студенттерді іріктеп алды

Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының 14.09.2020 жылғы № 169 «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жанындағы іріктеу комиссияларының жұмыс мерзімдері мен мөлшерлемелерінен бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 12-21 қазан аралығында іріктеу комиссиясы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әскери кафедрасына студенттерді іріктеп алды.

Іріктеу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекіткен әскери даярлықтан өту үшін 2020 жылға арналған cтуденттерді қабылдау Жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

Іріктеу комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге 690 студент қатысты (№1 қосымша). Іріктеу жоспарына сәйкес іріктеу комиссиясы 348 студентті іріктеп алды. Оның ішінде:

– әскери даярлыққа 172 студент қабылданды (рейтингтік нөмірлері № № 1 -172);

– ақылы негізде оқуға 176 студент ұсынылды (рейтингтік нөмірлері №№ 173 – 348).

Сонымен қатар, рейтингтік нөмірлері № 349-дан № 632-ға дейінгі студенттерде ақылы негізде оқуға ұсынылды.

Комиссия 58 студентке әскери кафедраға қабылдаудан бас тартты.

СТУДЕНТТЕР НАЗАРЫНА

1. Әскери даярлыққа қабылданған, сондай – ақ ақылы негізде оқуға ұсынылған студенттер (№№173-348 рейтингтік нөмірлері) студенттің міндеттемелеріне қол қоюы тиіс (запастағы офицерлер мен запастағы сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларына 1-Қосымша).

№ 173-тен № 348 қоса алғандағы рейтингтік нөмірлері бар ақылы негізде оқуға ұсынылған студенттер 2020 жылғы 26 қазанға дейінгі мерзімде ақылы негізде әскери даярлыққа тартуға келісім беру туралы өтініш жазуға міндетті (№ 2 қосымша).

2. № 349-дан № 632 қоса алғандағы рейтингтік нөмірлері бар ақылы негізде оқуға ұсынылған студенттер рейтинг бойынша жоғары орналасқан студенттер бас тартқан жағдайда ақылы негізде әскери даярлыққа тартылу құқығына ие болады.

3. 2020-2021 оқу жылына арналған әскери кафедрада ақылы оқу құны запастағы офицерлерді даярлауға бөлінетін грант мөлшеріне тең. Төлем ЖОО басшысы бекітетін әскери кафедрада оқуға арналған шарт негізінде транштармен жүзеге асырылатын болады.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Әскери кафедраға

студенттерді іріктеу жөніндегі комиссия 

Байланыс телефондары (әскери кафедра):

8(708) 333 1266; 8(700) 730 6591; 8 (777) 198 2268

 

Электрондық пошта: vkenuotbor_2100@mail.ru


ENU.KZ – null