Астанадағы ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрлігі Медиаконтент орталығы мамандарының ұйымдастыруымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасы студенттеріне арналған практикалық сабақ болып өтті.
Бұл жайында әскери қызметтің қыр-сырын жетік білетін, журналистердің сапалы даярлануына, түлектерінің болашақта жұмысқа орналасуына мүдделі университеттің әскери кафедрасының оқытушылары бастама көтерді.
Сабаққа қатысушыларға ҚР ҚМ Медиаконтент орталығы қызметінің ерекшеліктері мен құрылымы туралы оның бастығы, подполковник Арман Ақыбаев егжей-тегжейлі айтып берді.
Ақпараттық ресурстарда, ҚР Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік желідегі аккаунттарында және БАҚ-тарда жарияланатын бейне, фото, аудио және мәтіндік форматтағы ақпараттардың жеделдігі, дәлдігі және сенімділігі біздің жұмысымыздың негізгі қағидаттары болып табылады. Сапалы мультимедиялық өнімдер мен мәтіндерді шығару үшін, әрине, шығармашылықпен және үлкен ынтамен жұмыс істейтін білікті мамандар қажет. Бүгінгі семинар-тренинг әскери журналист мамандығы туралы түсініктеріңізді кеңейтіп, журналист болуға деген құлшынысыңызды шыңдай түседі деп ойлаймын, – деді Медиаконтент орталығының басшысы Арман Ақыбаев.
Студенттерге ақпаратты жинау және дайындау, фотоға түсіру, бейнеге түсіру және кадрларды монтаждау туралы айтылды. Сондай-ақ оларға фото және бейнекамерамен жұмыс істеуге мүмкіндік берілді.
Қорғаныс министрлігі Медиаконтент орталығының мамандары студенттердің сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, оларға әскери іс-шараларды көрсетудің ерекшеліктері, әскери қақтығыс аймағындағы қауіпсіздік шаралары мен журналистердің журналистердің өзін ұстау ережелері туралы баяндайтын «Әскери дискурс» кітабын табыс етті.
Практикалық семинар соңында болашақ әскери тілшілер осы шара туралы пресс-релиз дайындады.
Татьяна Бредихина,
ҚР ҚМ медиа контент орталығы басқармасының бастығы