Запастағы офицерлер және запастағы сержанттарды дайындау бағдарламасы бойынша ақылы негізге түскен студенттер 30 маусымға дейінгі аралықта білім беру қызметін көрсетуге шарт жасауы (оқыту шарты), оған қол қоюы және төлем жасауы қажет.
Әскери кафедрада оқу ақысы тиісті оқу жылы үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) Ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін оқу құнының 50% ;
2) Ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін оқу құнының 50%.
Төлем ЖОО-ның есеп шотына төлемдерді аудару жолымен жүргізіледі.
Шарт 2 данада, бір тілде жасалып, қол койылады (орыс немесе қазақ тілдерінде) Төлем жасалынғаны туралы чек Иманжүсіп Құтпанов 24а мекенжайында орналасқан әскери кафедраға әкелінеді.