2023 жылғы 29 шілдеде университеттің академиялық күнтізбесіне және әскери кафедраның жұмыс жоспарына сәйкес Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасының «запастағы сержант» бағдарламасы бойынша оқитын студенттер салтанатты жағдайда саптық алаңда әскери ант берді.
Айта кету керек, мұның алдында сержанттармен оқу процесін мұқият ұйымдастыру және өткізу болды. Оқу жиындары мен бітіру емтихандарын өткізу запастағы полковник Төлеухан Нұрқанов басқарған әскери даярлық бойынша бір жылдық оқу циклінің қисынды аяқталуы болды.
Әскери рәсімнің, Жауынгерлік Туды шығарудың, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерудің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындай отырып, әскери кафедра басшысына баяндама жасалды.
Генерал-майор Е. Л. Оразовтың сәлемдесуінен және қысқаша түсіндіруінен кейін әскери ант беру рәсімінің рөлі мен маңызы, оқу жиынының бастығы запастағы полковник Н. Т. Мамбетовтың жетекшілігімен студенттерді әскери ант беру бойынша іс-шара өткізілді.
Салтанатты рәсім соңында әскери кафедраның басшысы генерал-майор Оразов Еділ Лұқпанұлы, студенттердің ата-аналары, әскери кафедраның студенті Ағайдар Бекзат құттықтау сөз сөйледі.
Әскери ант қабылдаған студенттер салтанатты шеруден өтті, сондай-ақ саптық әнді орындады, саптық түзету мен бөлімшелердің үйлесімділігін көрсетті.
Студенттердің арасынан көркемөнерпаздар күшімен музыкалық концерт дайындалды, оны студенттер, сондай-ақ олардың ата-аналары, бүгінгі іс-шараның қонақтары жылы қарсы алды.
Салтанатты іс-шара әскери кафедра басшысының орынбасары полковник Н.Т.Мамбетов жүргізген әскери кафедра базасындағы қару-жарақ пен әскери техникамен танысу бойынша шағын экскурсиямен және естелік ретінде ұжымдық суретке түсірумен аяқталды.
Ата-аналар балаларын тәрбиелегені және оқытқаны үшін алғыстарын білдірді.
Жомарт Нұрмолдин, әскери кафедрасының
оқытушы, запастағы полковник