2023 жылғы 15 желтоқсанда әскери кафедраның бастығы генерал-майор Еділ Оразов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізді.
Ол қазіргі уақытта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы негізінде еліміз біртіндеп алға жылжып келе жатқанын атап өтті.
Әскери кафедра бастығы әскери кафедраның жеке құрамы Қазақстанның егемендігін нығайту ісіне лайықты үлес қосатынын мақтанышпен жариялады.
Жиналыс барысында генерал-майор Е. Л. Уразов туған күнімен құттықтап, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының қатысушысы ретінде запастағы полковник Бауыржан Алдабергенге бағалы сыйлық табыс етті.
Сонымен қатар, Тәуелсіздік күніне орай әскери кафедра бастығынан отставкадағы полковник В. М. Машинецкий, запастағы полковник М. Э. Жанпейісов және запастағы подполковник Е. Ж. Ниязбеков грамоталар алды.
Қорытындылай келе, әскери кафедра бастығы барлық ұжымның назарын студенттерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу ісінде жеке үлгілі болу қажеттігіне аударды.
Запастағы подполковник Ерден Күлшімбаев,
әскери кафедраның аға оқытушысы