2024 жылы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әскери кафедрасында. әйелдерге, біздің ұжымның көрікті өкілдеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Әскери кафедраның бастығы генерал-майор Оразов Еділ Лұқпанұлы шын жүректен құттықтау сөз сөйледі. Ол біздің ұжымның жағымды атмосферасын қалыптастырғаны үшін әйелдерге ерекше ризашылығын білдірді. Ол сондай-ақ әйел өмірдің, қолдау мен сүйіспеншіліктің қайнар көзі, жан мен жылудың бейнесі екенін атап өтті.
Жалпы мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесін құрметтеу және бағалау ретінде әскери кафедра бастығы әйелдерге сыйлықтар мен хош иісті көктемгі қызғалдақтарды табыс етті.
Құттықтауларға ер мұғалімдер де қосылды. Әскери кафедраның аға оқытушысы, отставкадағы подполковник Шәріпұлы Сабыр қазақтардың дәстүрінде әйелдерге ерекше құрмет көрсетілетінін айтты.
Өйткені, әйел – анаң, әйел — жанжарың, әйел — әпкең, әйел — қызың. Ол әрбір әйел отбасылық ошақтың адал қамқоршысы екенін атап өтті.
Салтанатты іс-шара соңында естелік ретінде суретке түсіру өтті.
Құрметті әйелдер, осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен әйел бақытын тілейміз! Әр күндеріңіз амандық пен үйлесімділікке толы болсын!
Жақсы және шынайы тілектермен сіздердің әріптестеріңіз.
Когабаев Марат, әскери кафедраның аға оқытушысы
педагогика ғылымдарының магистрі, запастағы полковник