Іріктеудің бірінші кезеңінен – әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландырудан өткен студенттер 2024 жылғы 15 шілдеге дейін Астана қаласы Иманжүсіп Құтпанұлы 24А мекенжайы бойынша әскери кафедраға конкурстық іріктеуге жіберу туралы өтініш жазу үшін келуге және:
1) жеке куәліктің көшірмесін және түпнұсқасын;
2) тіркеу куәлігінің көшірмесін және түпнұсқасын;
3) факультеті мен мамандығы көрсетілген оқу орнынан анықтаманы;
4) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтаманы (анықтаманың мерзімі 10 тәуліктен аспау керек);
5) 3х4 өлшемді фотосуреттердің – 2 данасын тапсырулары керек.
Құжаттарды қабылдау күн сайын сағат 9.00 — ден 16.00-ге дейін (демалыс және мереке күндерінде).
Көрсетілген мерзімде әскери кафедраға келмеген студенттер 2024 жылғы 12-26 тамыз аралығында өтетін әскери кафедрада оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысу құқығынан айырылады.
Әскери кафедра әкімшілігі