Әскери кафедраның оқу процесінде дрондарды пайдалану

Дрондарды (квадрокоптерлер) әртүрлі жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау және іске асыру процесінде пайдаланудың тиімді екені баршаға мәлім, олар бөлімше командирлеріне шешім қабылдау үшін жаңа мүмкіндіктер береді.
Осы құрылғылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, далалық оқу жиындарындағы сабақтарда взвод командирі рөлінде студенттердің сабақтарын, даярлығын және практикалық іс-әрекеттерін жетілдіру мақсатында дрондарды (квадрокоптерлерді) қолдану ұйымдастырылды.

    

Тактикалық дайындық сабақтары барысында оқу-жаттығу взводтары курсанттарының сабақ жоспарына сәйкес оқу сұрақтары мен тактикалық бейнежазбаға түсіру дронның (квадрокоптердің) негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырылды.
Бұл мүмкіндік оқу-жаттығу жетекшісіне нәтижелерді қорытындылау және орындалатын тапсырмалардың сапасын қадағалау барысында тапсырманы түсінудің дұрыстығын, жағдайды бағалауды, шешімдерді дайындау мен қабылдауды, жауынгерлік бұйрықты шығаруды, өзара іс-қимылды ұйымдастыруды бақылауға мүмкіндік берді.
Бейнематериалды қарау барысында сабақ жетекшілері қорытындылау барысында тек жағымды жақтармен қатар, тренинг барысында жіберілген кемшіліктерге, жеке сұрақтар мен кіріспе сұрақтарға да назар аударды.

Педагогикалық ұжым студенттерге дрондардың қауіпті тапсырмаларды орындап қана қоймай жеке құрамның денсаулығы мен өмірін сақтай отырып, бақылауды, нысанаға соққы беруді де жүзеге асыра алатынын іс жүзінде көрсетті.
Сондай-ақ, олардың оқу процесінде, жаттығуда және бағынышты бөлімшелерді басқару мақсатында студенттердің командалық дағдыларын жетілдіруде қаншалықты тиімді екені де айтылды.
Арнайы пәндер циклінің «Әскери журналистика» және «Әскерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандықтары бойынша оқу взводтарының студенттері тактикалық оқудағы тәжірибелік сабақтарда дрондарды) басқаруда шеберлік көрсетті.

Ал мотоатқыштар бөлімшелерінің рөліндегі нақты іс-әрекеттерді «Жалпы әскер бөлімшелерін жауынгерлік қолдану» мамандығы бойынша оқитын студенттер орындады, диверсиялық-барлау бөлімшелерінің іс-қимылдарына арналған тапсырмаларды «Десанттық шабуылдау бөлімшелерін жауынгерлік қолдану» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер орындады.

Бір сөзбен тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтардың нәтижелеріне сүйене отырып, студенттердің теориялық білімдерін іс жүзінде бағалау оқу-жаттығу жиыны барысында дронмен (квадрокоптер) бейне түсірілім арқылы анық көрсетілді деп айта аламыз.
Оқытудағы бақылаудың мұндай түрлері жұмылдыру ресурсын жоғары сапада дайындау процесіне қосылған елеулі үлес болып табылады.

Дидар Серіков, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

әскери кафедрасының студенті