ЕҰУ әскери кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы педагогикалық қызметтен бөлек жастармен тұрақты түрде кездесіп, патриоттық тәрбие жұмыстарын жүйелі жүргізіп отырады. Жылдағы дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында бірнеше астаналық оқу орындарында — №80, №75 және №68 мектеп-гимназияларында осындай кздесулер болып өтті.
Оған басқа шақырылған құрметті қонақтармен бірге ЕҰУ әскери кафедрасының оқытушысы, ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, Желтоқсан оқиғасына қатысушы, запастағы полковник Бауыржан Алдабергенов қатысты.
Кездесуде Қазақстан Үкіметі былтыр бекіткен «Жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының» аясында атқарылып жатқан жұмыстар, оның ішінде оқушыларды отансүйгіштікке баулу мәселелер сөз болды.
Б.Алдабергенов ЕҰУ әскери кафедрасында запастағы офицерлер мен сержанттардың қалай дайындалып жатқан, жалпы әскери қызметтің қыр-сыры туралы әңгімелеп берді. Кездесуде Бауыржан Жандарбекұлы жазған «Желтоқсан маршы» орындалып, оны тыңдаушы қауым өте жылы қабылдады.
Ә.Смайылов Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
әскери кафедрасының оқытушысы