Л.Гумилев атындағы ЕҰУ әскери кафедрасының офицерлері даңқты қолбасшыға тағзым етті

24 Желтоқсан күні жер-жерде Кеңес Одағының батыры, атақты Панфилов дивизиясының батальон командирі Бауыржан Момышұлының 114 жылдығына орай түрлі іс-шаралар болып өтті.

Астанада ҚР Қорғаныс министрлігінің, Ақмола гарнизоны қолбасшылығының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының мүшелері, әскери қызметкерлер және Қарулы Күштер ардагерлері Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойды. Бұл шарадан ЕҰУ әскери кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы да тыс қалған жоқ.
Жиында Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары- Бас штабының бастығы генерал-майор Қуанышбек Үштаев, Халық Қақарманы, отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, «Қазақстан Ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл сөз сөйледі.
Салтанатты жиыннан соң Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасының бастығы, отставкадағы генерал-майор Еділ Оразов кафедраның жеке құрамы алдында сөз сөйлеп, Бауыржан Момышұлының өмір жолы ерлік пен ерліктің, Отанға деген адалдықтың, кәсіби шеберліктің үлгісі екендігіне тоқталды.
«Бүгінгі жас ұрпақ қазақстандық жауынгерлердің ерліктерін білуі керек. Солардың ерлікетрін үлгі ете отырып, студенттерді жауапкершілікке, әскери борышқа адалдыққа баулимыз, нағыз Отан қорғаушыларды тәрбиелейміз. Б.Момышұлы талантты қолбасшы, дарынды жазушы ғана болып қоймай, сонымен қатар әскери ғылымды дамытуға және болашақ офицерлердің бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға зор үлес қосты»,- деді ол өз сөзінде.
Әскери-патриоттық сипаттағы іс-шараларда Л.Гумилев атындағы ЕҰУ әскери кафедрасының оқытушылары белсене қатысып келеді. Бұл өз кезегінде жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратыны белгілі.

Акжан Сейданов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
әскери кафедрасының оқутышысы

24 декабря повсеместно прошли мероприятия, приуроченные 114-летию Героя Советского Союза командира батальона легендарной Панфиловской дивизии Бауыржана Момышулы.

В Астане состоялось возложение цветов к памятнику Бауыржана Момышулы с участием представителей Министерства обороны, местных исполнительных органов, командования Акмолинского гарнизона, Ассамблеи народа Казахстана, военнослужащих, ветеранов Вооруженных сил и воспитанников военно-патриотического движения «Жас сарбаз».
Не остался в стороне и профессорско-преподавательский состав военной кафедры ЕНУ им. Л. Гумилева.
На митинге выступили начальник главного штаба – первый заместитель главнокомандующего Сухопутными войсками генерал-майор Куанышбек Уштаев, Халық қаһарманы генерал-лейтенант в отставке Бакытжан Ертаев и председатель Ассоциации «Қазақстан Ардагерлері» Бахытбек Смагул.
В этот же день, начальник военной кафедры Евразийского национального университета им. Л.Н.Гумилева генерал-майор Едил Уразов, выступая перед личным составом кафедры, отметил, что жизненный путь Бауыржана Момышулы является примером мужества и доблести, преданности Родине, профессионализма.
«Сегодняшнее молодое поколение должно знать подвиги казахстанских воинов. Следуя их героическому примеру, приобщаем студентов к ответственности, верности военному долгу, воспитываем настоящих защитников Отечества. Б.Момышулы был не только талантливым командиром, талантливым писателем, но и внес большой вклад в развитие военной науки и формирование лидерских качеств у будущих офицеров»,- сказал он в своем выступлении.
Надо сказать, что преподаватели военной кафедры им.Л.Н.Гумилева принимают активное участие практически во всех мероприятиях военно-патриотического характера, проводимых в г.Астане.
Таким образом, военная кафедра ЕНУ вносит существенный вклад в дело воспитания подрастающего поколения в духе казахстанского патриотизма.

Акжан Сейданов, преподаватель военной кафедры

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева