Әскери кафедрада оқу үшін іріктеу жұмыстарына қатысуға ниет білдірген студенттерге 2020 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде, әскери кафедраның shalashina040487@mail.ru электрондық мекен-жайына төменде көрсетілген тізбе бойынша құжаттарды тапсырулары қажет .
Медициналық комиссиядан өту мерзімі қосымша көрсетіледі.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізбесі
1. Өтініш.
2. Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме).
3. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме).
4. 2 фотосурет, көлемі 3х4 см.
5. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
6. Спорттық жетістікті растайтын құжат (бар болса).
Көрсетілген құжаттар әскери кафедраның поштасына өзінің аты-жөні мен факультеті көрсетілген папкада жіберілсін. Құжаттарды көрсетілген папкаға PDF форматында салу қажет.