Жыл сайын, 15 ақпанда біз табандылық пен батылдық танытқан және жергілікті аумақтық қақтығыстарда әскери борышын абыроймен атқарған барлық азаматтарға құрмет көрсетеміз.
Ауғанстаннан кеңес әскерлері шығарылғаннан бері 34 жыл өтті. Еске салатын болсақ, 1978 жылы Ауғанстанда азаматтық соғыс басталды. Ауғанстан Демократиялық Республикасының басшылығы 1979 жылы наурызда КСРО-дан әскери көмек сұрап, 1979 жылы 25 желтоқсанда Кеңес әскерлері Ауғанстан аумағына кірді.
Бүгінгі таңда «Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ әскери кафедрасының студенттерінің Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, полковниктер Ербол Қалқаманұлы Смағұлов және Хайрулла Мұратұлы Ілиясовпен жүзбе-жүз кездесіп, әңгімелесуге мүмкіндіктері бар.
Олар көптеген жылдар бойы КСРО мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарды. Көрсеткен ерліктері үшін мемлекеттік наградалармен марапатталған.
Отставкаға шықса да Ербол Қалқаманұлы мен Хайрулла Мұратұлы әскери сапта қалып, студенттерді оқыту және бағынысты мектептерде өскелең ұрпақпен әскери-патриоттық жұмыс жүргізу ісіне белсене араласып, өз тәжірибелерімен бөлісуде.
2023 жылдың 14 ақпанында әскери кафедра және колледж студенттерімен, сондай-ақ Астана қаласының № 46 орта мектебінің оқушыларымен тәрбие сағаты аясында кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шыққанына 34 толуына орай әскери – патриоттық іс-шара өткізілді.
Арнайы пәндер циклінің аға оқытушысы, запастағы полковник Е.Смағұлов Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында КСРО ҚК Бас барлау басқармасының арнайы мақсаттағы бөлімінде атқарған қызмет туралы әңгімелеп берді.
Кездесу барысында студенттер мен оқушылардың назарына Ербол Қалқаманұлының жеке мұрағатынан арнайы мақсаттағы әскери қызметшілердің жауынгерлік қызметі туралы бейнебаян мен фотосуреттер ұсынылды.
Қызықты әңгіме соңында әскери кафедра басшысы Е. К. Смағұловқа алғысын білдіріп, сөзін былайша түйіндеді: «Сіз университет студенттері мен жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге болып табыласыз. Өткенді тани отырып, тарихтың жаңа сабақтарын ескере отырып, біз батырларымыздың ерлігін бағалаймыз және есте сақтаймыз. Отан қорғаудғы еңбегіңіз үшін алғыс айтамын!».
Төлеухан Нұрқанов, әскери кафедраның аға оқытушысы.