Әскери тілшілердің кезекті дәрісі

Үстіміздегі жылдың  төртінші сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті әскери кафедрасында «Әскери журналистика»  мамандығы бойынша оқып жатқан студенттер «Отан Сақшысы — Часовой Родины» газеті мен «Шекарашы» журналының редакциясында болды. Болашақ әскери тілшілірдің алдында осы басылымдардың Бас редакторы подполковник Радик Кагенов сөз сөйлеп, газет пен журналдың мақсат-міндеттері туралы әңгімелеп берді.

Капитандар Роллан Тазабеков, Олжас Жақсылықов, аға лейтенант Аян Қайыр, лейтенант Асхат Сабиев өздерінің білімдерімен, осы қызметте жинаған тәжірибелерімен бөлісті. Олар студенттерге хабралар мен репортаждарды қалай жазу керектігін айтып, фото және бейне баян түсірудің қыр-сырымен бөлісті, сонымен қатар әскери баспахананың жұмысымен таныстырды.

 Шекарашы-офицерлер студенттерге қазақстандықтар бейбіт өмір сүріп, еңбек етуі үшін күндіз-түні, ыстық-суықта, жаңбыр мен қарға қарамай қызмет етіп жүрген шекарашылардың қиын-қыстау қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

          Практикалық сабақ соңында Бас редактор подполковник Радик Кагенов әскери кафедраның кітапханасына ҚР ҰҚҚ Шекара әскерлерінің 30 жылдық тарихынан сыр шертетін бірнеше кітапты сыйға тартты.

Болашақ әскери журналистер аталған дәрістен шабыт алып, ұйымдастырылған кездесу үшін редакция ұжымына ризашылықтарын білдірді.

                                                                                                                                                               Назым Қайыржанова,

                                                                                                                                    ЕҰУ әскери кафедрасының студенті