2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап университеттің әскери кафедрасы студенттерді «Әскери журналистика» мамандығы бойынша даярлай бастады. Мұның алдында осы мамандықты енгізуді негіздеу, оқу жоспарын және басқа да құжаттарды дайындаудан тұратын алдын ала үлкен және қажырлы жұмыс жүргізілді.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі уақытта тек Қорғаныс министрлігі үшін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің барлық құқық қорғау органдары үшін де әскери журналистика мамандарының өткір тапшылығы байқалады. Әр күштік құрылым бұл мәселені өз беттеінше шешуде. айналысады. Кейбірі запастағы офицерлерді шақыру арқылы кадрларды толықтырса, енді бірі жастарды Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Әскери университетіне оқуға жібереді. Бірақ ведомтсво басшылары бұл мамандарды осында, Қазақстанда оқыту қажет екендігін түсінеді. Ал, біздің ойымызша, жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында әскери тілшілерді даярлау өте өзекті болып отыр.
2016 жылдың 27 қаңтарында Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалған болатын. Бұл құжатқа университет ректоры, профессор Ерлан Сыдықов пен Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров қол қойды.
Қол қойылған меморандумды жүзеге асыру мақсатында Қорғаныс министрлігі 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік тапсырыс пен студенттерді қабылдау жоспарына сәйкес «Әскери журналистика» мамандығы бойынша университеттің әскери кафедрасында әскери журналистерді даярлау туралы шешім қабылданды.
Осылайша университетіміздің әскери кафедрасында студенттерді «Әскери журналистика» мамандығы бойынша даярлау тарихы басталды.
Оқу жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес «Әскери журналистика» мамандығы бойынша білім алып жатқан кафедра студенттері әскери бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттерін зерделеу, сондай-ақ әскери баспасөзде материалдарды жариялауда практикалық тәжірибе жинақтау мақсатында Қорғаныс министрлігіне қарасты Медиа-контент орталығында болды, онда студенттерге осы орталықтың қызметі мен құрылымының ерекшеліктері, ақпараттың қалай жиналып, дайындалатыны, фотосуретке түсірілу, бейнежазба түсіру және кадрларды монтаждау жолдары туралы егжей-тегжейлі айтылды.
2023 жылдың 4 наурызында студенттер ҰҚК Шекара қызметінің «Отан сақшысы – Часовой Родины» газеті редакциясының шығармашылық ұжымымен кездесті. Кездесу барысында әскери басылымның офицерлері өздерінің білімдерімен және бай қызмет тәжірибесімен бөлісті. Олар студенттерге мақала мен репортаждың жазылу жолдарын айтып, фото және бейне түсірудің қыр-сырымен бөлісті, сонымен қатар баспахананың жұмысымен таныстырды.
Болашақ әскери тілшілер 2023 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының «Қалқан» газеті мен «Бүркіт» журналының редакциясында болды. Газет қызметкерлері оларға өздерінің басылысдардың бай тарихын баяндап, әскери газет пен азаматтық газеттің айырмашылығын түсіндірді және «Қалқан» газеті мен «Бүркіт» журналында қолданылған жанрлар палитрасы туралы әңгімелеп, студенттерді штаттан тыс тілшілер ретінде ынтымақтастық жасауға шақырды.
Әскери кафедра басшылығы мұндай практикалық сабақтарды тек әскери ведомстволарда ғана емес, республикалық, облыстық, қалалық газеттер редакцияларында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінде тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.
Осылайша студенттер әскери және азаматтық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі туралы қажетті түсінік алады, сонымен қатар олардың бойында болашақ мамандығын сапалы игеруге деген ынта пайда болады.
Серік Қанапьянов,
Әскери кафедраның профессоры