Психологиялық тестілеуге жіберу шарты:
1) жергілікті әскери басқару органының (военкомат) мөрімен расталған «әскери кафедрада оқуға жарамды» ӘДК қорытындысы бар медициналық картаның (Ф7) болуы;
2) 2020 жылғы 10 қазанға дейін әскери кафедраға қолма-қол немесе vkenuotbor_2100@mail.ru электрондық поштаға ұсынылған құжаттар.
Осыған байланысты 2020 жылдың 17 қазанында сағат 18.00-ге дейін WhatsApp арқылы (ұ.т.: 87007306591) келесі мәліметтерді көрсете отырып хабарлама жолдау қажет:
1. Тегі, Аты, Әкесінің Аты;
2. Факультет;
3. ЖСН;
4. AnyDesk орнатылған ID нөмірі (онлайн тестілеу үшін);
5. Ұялы телефон нөмірі;
6. Құжаттар жіберілген электрондық пошта мекенжайы (осы электрондық поштадан жіберілгенін растайтын скриншот қосымшасы бар).
Нұр-Сұлтан қаласындағы студенттерге психологиялық тестілеу Қажымұқан көшесі, 11, мекен-жайында орналасқан ЕҰУ КБК компьютерлік сыныптарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі.
Аталған кезеңде Нұр-Сұлтан қаласына келу мүмкіндігі жоқ студенттерге психологиялық тестілеуді ҚАШЫҚТЫҚТАН ТАПСЫРУ мүмкіндігі беріледі.
Әскери кафедра әкімшілігі