Жемқорлықтан таза Жаңа Қазақстанды құрамыз

«Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша кешенді шараларды өткізу» жобасы аясында 2024 жылғы 16 сәуірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «ЖАҢҒЫРУ» жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен ЕҰУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Әдеп» жобалық кеңсесі өкілдерінің аталған университетке қарасты әскери кафедра студенттерімен кездесуі өтті.
Іс-шара әскери кафедра ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты түсіндіру және талқылау, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Жиын «ЖАҢҒЫРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Мэлс Семғалиевтің жетекшілігімен өтті.
Әскери кафедра бастығы генерал-майор Еділ Оразов сөз сөйлеп, қазіргі студенттерге және болашақ офицерлерге, яғни Қазақстан Республикасының егемендігін қорғаушылары үшін мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталды.


Сондай-ақ генерал-майор, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері Сейітжан Қойбақов, Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Дархан Мыңбай да студенттерге өз тілектерін білдірді.


Бұл ретте генерал-майор Сейітжан Қойбақовтың Дархан Мыңбайға өзінің «Отан, борыш, намыс» атты авторлық кітабын сыйға тартқанын атап өткен жөн.


Жиынды «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ «Әдеп» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсесінің басшысы Еркебұлан Нұғыманов қорытындылады.


Кездесу барысында студенттер талқыланған тақырыптарға қызығушылық танытып, көкейде жүрген көптеген сұрақтарын қойды.
Іс-шара Жаңа Қазақстанды құру үшін сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіру қажет екенін ұғынумен аяқталды.

 

Марат Қоғабаев,
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ
әскери кафедраның аға оқытушысы