Болашақ әскери журналистер «Әскери ГИС медиа» ЖШС-де болды

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында әскери журналистика мамандығы бойынша оқитын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасының студенттері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери ГИС медиа» ЖШС-не барды.
Әскери журналистика оқытушыларымен, студенттерімен бірге «Әскери ГИС медиа» ЖШС директоры Кубеков Тимур Викторович кездесті. Штаб бойынша экскурсия барысында студенттер редакция қызметкерлерінің жұмысымен және олардың міндеттерімен танысты. Болашақ әскери журналистер ҚР Қарулы күштері мен армиясы туралы электронды жарияланымдармен айналысатын Sarbaz.kz   жаңалықтар порталы «Әскери ГИС медиа» ЖШС-нің құрамына кіретіні туралы білді. Сонымен қатар студенттер ҚР Қорғаныс министрлігі «Сарбаз»газетінің баспа басылымдарымен танысты.


Экскурсия соңында студенттерге «әскери журналистика тарихы»тақырыбында дәріс берілді. Студенттер мұқият тыңдап, сұрақтар қойды. Тимур Викторович өз білімімен қуана бөлісіп, болашақ әскери журналистердің сұрақтарына жауап берді. Студенттердің бірі Қайыржанова Назым дәріс туралы өз әсерімен бөлісіп, оның қызықты әрі танымды екенін айтты.

Дәріс соңында әскери кафедра оқытушылары мен студенттер «Әскери ГИС медиа»ЖШС-мен ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді. Ұсыныс қабылданды және студенттер штаб қызметкерлеріне кездесуді ұйымдастырғаны және оларға уақыт бөлгені үшін алғыс айтты.

Исмагулова Мәліка,
223 оқу взводының студенті