Оқу жиындарының мақсаттары толық орындалды

2023 жылдың 18 шілдесі мен 23 тамызы аралығында ЕҰУ әскери кафедрасы мен 68665 әскери бөлімінің базасында екінші оқу жылының студенттерімен оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Сабақтарды өткізуге арналған жиындардың бірінші және екінші кезеңдерінде әскери кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы толық құрамда қатысты.
Әскери даярлық аспектілерін оқыту тәжірибесі бойынша, біздің ойымызша, Әскери ант беру, Отанымыз – Қазақстан Республикасына адал болуға ант қабылдау әрбір студенттің өмірінде ең маңызды сәт болып қалады деп айтуға болады.

Студенттердің алған әскери-есептік мамандықтарына сәйкес бітіру емтихандарын тапсыруы әскери дайындықтың қисынды аяқталуы болды.

Осылайша, запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған 374 студент «запастағы лейтенант» әскери атағын беруге және запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған 108 студент белгіленген мерзімде «запастағы сержант» әскери атағын беруге ұсынылатын болады.
Сіздерге сәттілік тілейміз, құрметті әскери кафедра түлектері!

 

Нұрлан Досмағамбетов
әскери кафедраның аға оқытушысы, запастағы полковник

Учебные сборы военной кафедры ЕНУ в 2023